Қазақстанда биыл азық-түлік инфляциясы 23% өскен

Қарыны тоқтың халықпен ісі жоқ. Осылай деген мәжілісмен Аманжан Жамалов «қымбатшылықты бір жақты қылу керек» дейді. Айтуынша, жұбаныш ретінде бір-екі шенеунікті жазалағанмен, бірде бір тауар арзандаған жоқ. Биылғы он айда азық-түлік инфляциясы 23% өскен. Үкімет пен Ұлттық банк тағы да базалық ставканы көтеруден басқа амал таппады. Бұл кредит пайызының өсуіне әкеледі, одан тек банктер мен депозиті бар ауқаттылар пайда көреді. Қарапайым елдің қамына бағытталған қадам емес. «Нәтижесінде, әдеттегідей байлар байып, кедейлер кедейлене түседі», – дейді Жамалов.

Сәрсенбі, 09 Қараша 2022, 19:46

Соңғы шығарылымдар