Белгілі сатирик Көпен Әмірбек өмірден озды

Белгілі сатирик, Алаш ардақтысы Көпен Әмірбек өмірден озды. Киелі Түркістан облысының Отырар ауданының тумасы 73 жасқа қараған шағында дүние салды. Қаламгердің «Аты жоқ кітап», «Мың бір мысал», «Қысыр әңгіме» және өзге де әзіл-сықақ, пародия, сыни жинақтары оқырманға кеңінен танымал. «Тамаша» ойын-сауық отауының да авторы болды. «Жетінші арна» ұжымы сахна және сатира саңлағының отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Сәрсенбі, 09 Қараша 2022, 20:04

Соңғы шығарылымдар