Петропавл қаласының жылу қазандығында тағы да қайғылы жағдай. 22 жастағы жұмысшы құрылыс жұмыстары барысында көз жұмды. Жас жігіттің үстіне биіктен темір зат құлап кеткен. Азамат ауыр жарақаттан ес жимастан ауруханада жан тапсырған. Айта кетсек, бұл – осы жылу қазандығындағы биылға үшінші өлім. Жыл басында ауыр жарақаттан жас жігіт көз жұмса, көктемде мұржа құлап, үйінді астында тағы бір қызметші қайтыс болды. Мамандар 60 жыл бұрын салынған жылу тарату нысанының тозығы жеткенін және онда жұмыс істеу қауіпті екенін ескертеді.
Среда, 09 ноября 2022, 20:05
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.