Риддер жылу қазандығындағы жағдай қиын – Болат Ақшолақов

Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы апат болды. ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, қазір қазандықтағы жағдай қиын. 22 мың үйі бар қалаға үш қазандықтан жылу беріліп тұр. Түнге қарай алтыншы қазандық істен шығып, риддерліктер тағы жылусыз қалды. Министр мұның бәрі жылу электр орталығының әбден ескіргенінен дейді. Ал елімізде тозығы жеткен мұндай қазандықтар жетерлік. Оның бәрін толығымен жаңарту үшін 500 млрд теңгедей қаржы қажет.

Бейсенбі, 10 Қараша 2022, 19:41

Соңғы шығарылымдар