Ақтөбеде екпені шатастырған мейірбике жұмыстан кетті

Ақтөбеде  1-сыныптың 42 оқушысына мантудың орнына туберкулезге қарсы екпе салып жіберген мейірбикеге қатысты қылмыстық іс тергелуде. Полиция 58 жастағы Ардақ Кәрібаеваға «кәсіби міндеттерін орындамаған» деген айып тағып отыр. Мейірбике өз еркімен жұмыстан кеткен. Төтенше жағдайдан кейін қаладағы төрт мектепте балалардың денсаулығына жауап беретін жеке медициналық мекемесімен келісімшартты бұзыпты. Ал ата-аналар балалардың денсаулығына алаңдаулы.

Бейсенбі, 10 Қараша 2022, 20:40

Соңғы шығарылымдар