АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 11.11.2022

Алматыдағы «Барахолка» атанып кеткен базарлар аумағынан тағы да өрт шықты. Бұл жолы «Ялян» базарының қоймалары отқа оранған. Көз алдында тауарлардың күлге айналып жатқанына шыдамаған саудагерлер өртті өздері өшірмек те болды. Тілсіз жау неден тұтанған? Зардап шеккендер бар ма? Оқиға орнынан Бауыржан Жақсымбет әңгімелейді. 

Бүгін президенттікке кандидаттар теледебатта пікір таластырады. Ал президент сайлауына 9 күн қалды. Қазір ел басқаруға үміттілер үгіт-насихат жұмыстарымен ел аралап жүр. Бұл науқан 19 қараша күні тоқтайды. Ал президенттікке кандидаттарды ел тани ма? Олардың бағдарламасы қандай? Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл жұртпен тілдесіп қайтты.

2023 жыл Түркі өркенитетін дамыту жылы болып жарияланды. Ал келесі жылы Қазақстанда ІІ Түркі универсиадасы өтеді. Бұл туралы бүгін Самарқандта өткен саммитте белгілі болды. Жиынға кімдер қатысты? Тоқаев не ұсынды, Ердоған не деді? Жалғас Зейнолла жеткізеді.

11 Қараша, 18:30

Соңғы шығарылымдар