АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 14.11.2022

Түркияның Ыстамбұл қаласында болған оқиғаға қатысы бар деген 40-тан астам адам қамауға алынған. ШаҺардың туристер өте көп жүретін орталық көшесіндегі жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Жансая Қапасқызы толығырақ.

Заңға бағынбайтын балық аулаушыларға жаза күшейтіледі. Енді заңсыз балық аулағандар 15 күнге қамалуы мүмкін. Экология министрі Серікқали Брекешев үкімет сағатында осылай деді. Мәжілісте өткен отырыста қазақша қойылған сұраққа орыс тілінде жауап берген бір топ  шенеунік депутаттардан сөз естіді. Кейбірі «министр итбалық мәселесін маңыздырақ көріп, басқа салаға мән бермей қойды» деп сынады. Толығырақ Айя Мүтәлі тарқатады.

Астанада жаңадан салынған баспанаға құрылыс компаниясы жылу тартып үлгермеген. Қарашаның қақаған суығында дірдектеп отырған халықпен Аягөз Тұрсынбай тілдесіп қайтты.

Дүйсенбі, 14 Қараша 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар