Қарағанды облысында зейнетақы жымқырғандар жазаланды. Абай қаласындағы қарттар үйінің директоры 2 млн теңге айыппұл төлеп құтылды. Аталған мекемедегі 90 адамға тиесілі 1 млн 300 мың теңгені екі маман және Қазпошта қызметкері тең бөліспек болған. Олар қылмыс үстінде ұсталды. Тексеріс кезінде олардың бес жыл бойы айласын іске асырғаны анықталған. Экс-директор айыппұл арқалады. Қалған екеуінің бас бостандығы шектелді.
Вторник, 15 ноября 2022, 20:01
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.