Ақтөбеде 250 адамға арналған бассейннің суы бес жыл бойы жаңартылмаған

Ақтөбеде «Достық» бассейнінің суы жаңартылмағанына бес жыл болған. Бұл туралы Облыстық спорт басқармасы мәлімдеді. Шенділер мұны «қалыпты жағдай» деп есептейді. Бассейн суын ауыстыруға 7 млн теңге керек екен. Балалар су спорты мектебіне қатысты мәселе өткен аптада көтерілгенін естеріңізге салып өтеміз. Ата-аналар бассейн суын тексеруді талап еткен болатын. Себебі балалардың аллергиясы қозып, жөтел күшейіп, жүрек айнуы жиілеген.

Сейсенбі, 15 Қараша 2022, 20:03

Соңғы шығарылымдар