Жыл басынан бері 249 адам өрт кезінде қайтыс болған – Юрий Ильин

Елімізде жыл басынан бері 249 адам өрт құрсауында көз жұмған. Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің айтуынша, Қазақстанда тіркелген қайғылы жағдай АҚШ және Еуропа елдерімен салыстырғанда әлдеқайда көп. Марқұмдардың дені өрт  кезінде мас күйде болғандар екен. Сондай-ақ тілсіз жаудан көбіне өрт қауіпсіздігінен бейхабар жұмыссыздар мен зейнеткерлер қайтыс болып жатады.

Сейсенбі, 15 Қараша 2022, 20:04

Соңғы шығарылымдар