АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 15.11.2022

Пара алды деген күдікке іліккен Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға бүгін сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда Хаменова бұл үкіммен келіспейтінін, соңына дейін күресетінін айтты. Экс-шенеунік жазасын қайда және қалай өтейді? Хаменова несімен халық есінде қалды?

Бүгін – Ұлттық валюта күні. Төл теңгеміздің айналымға енгеніне 29 жыл толды. Экономистердің есебінше, осы уақытта ұлттық валюта 95 есе құнсызданған. 90-жылдары бір доллар қанша теңгеге сатылған еді? Банкноттардың алғашқы дизайны қандай болды?

Астанада жылусыз отырған тұрғындар әкім Алтай Көлгінов пен компания басшысы әрі мәслихат депутатының келуін талап етіп, наразылыққа шықты. Жұрттың қақаған суықта жылусыз отырғаны аздай, жарық та өшіп қалған. Аягөз Тұрсынбай оқиға орнына барып, тараптарды тыңдап қайтты.

Сейсенбі, 15 Қараша 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар