Шымкенттік азамат Еуропада үш жылға сотталды

Еуропаға жұмыс істеуге кетіп, із-түзсіз жоғалған шымкенттікке сот үкімі шықты. Венгрия соты 27 жастағы Қанабек Өтебекті 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды.

Еске салайық, екі баланың әкесі нәпақа табу үшін биыл шілдеде Чехияға аттанған болатын. «10 күннен соң байланыс үзілді», – деді әйелі бізге берген сұқбатында. Содан бері хабарсыз кеткен шымкенттік жігіт түрмеден табылған. Сыртқы істер министрлігі оның туристік визамен мигранттарды заңсыз тасығанын айтады.  

Сәрсенбі, 16 Қараша 2022, 19:44

Соңғы шығарылымдар