АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 16.11.2022

Бейбіт шеру мен қарақшылардың қанды қылмысы арасын ажырата білу керек. Бүгін Алматы жұртшылығымен кездесуде Президент қасіретті «Қаңтар оқиғасы» туралы осындай мәлімедеме жасады. Алматыны аралаған Тоқаев тағы қандай тапсырма берді? Бауыржан Жақсымбеттің материалында.

Азық-түлік бағасы күн санап қымбаттап жатыр. Ал инфляция деңгейі 17 пайызға дейін артып, соңғы 15 жылда болмаған көрсеткішке жетті. Үкімет болса «жағдай бақылауымызда» дегеннен әрі аса алмай отыр. Ал жұрт азық-түлік бағасының күн сайын қымбаттап жатқанына таңғалудан қалдық дейді. Әріптесіміз Айя Мүтәлі базар аралап, баға нарығын зерттеп қайтқан еді.

Елдегі киім-кешек бағасы бір жылда 15 пайызға қымбаттаған. Қымбатшылықтан Астана көш бастап тұр. Мамандар не дейді? Толығырақ Қаламқас Нысанбай айтсын.

Сәрсенбі, 16 Қараша 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар