Шымкентте тапа-тал түсте жатақхана алдынан қыз алып қашқандар анықталды. Олар енді тойға емес, түрмеге түсуі мүмкін. Оқиғаны куәгерлердің бірі телефонға түсіріп алған. Бірнеше жігіт бойжеткеннің қарсылығына қарамастан, күштеп көлікке отырғызып алып кетті. Полиция адам ұрлағандарды тапты. Бірақ бойжеткен құзырлы органға шағым түсірмеген. Дегенмен полиция «Адам ұрлау» бабы бойынша істі тергеуді бастады. Енді олар 4 жылдан 7 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін.
Четверг, 17 ноября 2022, 20:05
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.