Сайлау күні бүлік шығарып, билікті күшпен басып алмақ болған қылмыстық топ ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, арнайы операция кезінде 7 адам қолға түскен. Күдіктілер 20 қараша күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасамақ болған. Қылмыстық топ арам пиғылын іске асыру үшін жасырын түрде тұрақты кездесіп отырыпты. Әрбірі науқан күні атқаратын рөлін нақты бөліп алған. Қолдан химиялық «Молотов» коктейль жасап, құқық қорғау органдарына шашпақ болыпты. Сондай-ақ тергеу кезінде Калашников автоматы, «Меркель» мылтығы, оқ-дәрілер, бензин құйылған канистралар мен рациялар табылған. Қылмыстық топ қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Четверг, 17 ноября 2022, 20:04
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.