АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 17.11.2022

Бүгін Астанада көпбалалы және жалғызбасты бір топ ана Еңбек министрлігі алдында наразылық білдірді. Олар баспана кезегін күтуден шаршағанын айтады. Оның үстіне қымбатшылық қысып, жалдамалы пәтер бағасы да шарықтап барады. Наразы топпен Қаламқас Нысанбай кездесіп қайтты.

Тараздың іргесіндегі Бектөбе ауылының тұрғындары ауыл әкімін алып тастауды талап етті. Өйткені оның жұмысын өзіміз істеп шаршадық дейді. Өз көшесін өздері жөндеуден жалыққан жұрт бүгін аудан әкімін ауылға шақырды. Әкім келді ме? Данияр Әлімқұл айтады. 

Астанада 3 адамды алапат өрттен аман алып шыққан құтқарушы денесінің 80 пайызын күйік шалып, жан сақтау бөлімінде жатыр. 28 жастағы Асқар Забикулинді дәрігерлер жасанды өкпе желдеткіші аппаратына қосқан. Қазір бүкіл Қазақстан өрт сөндірушінің амандығын тілеп отыр. Өз өмірін қатерге тігіп, тұрғындарды оттан алып шыққан батыр кім? Оқиға куәгерлері не дейді? Жас жігіт адамдарды қалай құтқарған? Әріптесім Аягөз Тұрсынбай мән-жайды айтып берсін.

Бейсенбі, 17 Қараша 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар