Жамбылдағы химия өндірісінің алыбы заңсыз табыс тапқан

Жамбылдағы химия өндірісінің алыбы «Қазфосфат» серіктестігінің 192 млн теңге табысты негізсіз тапқаны белгілі болды. Мұны Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті анықтаған. Олар аталған кәсіпорынның теміржол көлігі кешеніне өткен жылға бекіткен тарифтік жоспарын тексерген. Сөйтсе шығындарын жабуға жұмсалуы тиіс қаржы мақсатты жұмсалмапты. Мәселен, кеңсе тауарларынан бастап, іс-сапарлар мен арнайы киімдер алуға бөлінген қаржылары игерілмеген.

Пятница, 18 ноября 2022, 19:42

Соңғы шығарылымдар