АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 18.11.2022

Бүгін – Президент сайлауы алдындағы үгіт-насихаттың соңғы күні. Бағдарламасымен таныстырып, өңір аралап жүрген кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын аяқтады. Бір күннен кейін болатын сайлауға дайындық қалай жүрді? Бұл жөнінде әріптесім Айя Мүтәлі айтып беруге дайын.

Украинаның жақында азат етілген Херсон қаласының тұрғындары ресейліктерден көрген азаптарын ашық айта бастады. Сөздерінше, Ресей күштері олардан төлқұжатын ауыстыруды талап етіп, көшуге мәжбүрлеген. Одан қала берді балаларға дейін тұтқында ұстап, ұрып-соғып, күш көрсеткен.

Қазақстанның шаруалары Президенттен көмек сұрап, қол жинауда. Петицияға он мыңнан астам адам қол қойған. Сөздерінше, 30 жылда қордаланған мәселелерді шешуге жауапты министрлік те, жергілікті әкімдік те құлықсыз. Енді олар Президент әкімшілігі жанынан арнайы штаб құрылуын талап етуде.

Жұма, 18 Қараша 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар