Үш адамды құтқарған өрт сөндірушіге үй берілді

Үш адамды құтқарып, жансақтауда жатқан өрт сөндіруші Асқар Забикулинге президент Тоқаев атынан үш бөлмелі пәтер берілді. Бүгін ауруханаға барған Төтенше жағдайлар министрі мен Астана әкімі Алтай Көлгінов құтқарушының отбасына үйдің кілтін берді. Мұнымен қоса зардап шеккен Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтің 6 млн кредитін төлеуге көмек беріледі. Қазір екеуі де ауруханада жатыр.

Жұма, 18 Қараша 2022, 20:02

Соңғы шығарылымдар