Сайлау-2022: халық белсенділігі, бақылаушы пікірі

Бүгін, 20 қараша Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Саяси додаға Орталық сайлау комиссиясы тіркеген алты кандидат түсті. Қазақстандықтар таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін дауыс бере алады. Қазір елде 10 мыңнан аса сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлаушылардың жалпы саны 12 млн-ға жуық.

Аймақтарда президент сайлауы қалай өтіп жатыр? Тікелей байланысқа өңірдегі әріптестерім шығып, саяси дода қалай өтіп жатқаны туралы айтып береді. Орталық сайлау комиссиясы алматылықтардың белсенділігі төмен екенін айтты. Оның себебі неде?

Сайлауда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді. Алайда журналистерді оның сайлауға келуі емес, Кәрім Мәсімов туралы пікірі қызықтырды. Айта кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталып, іс жабық сотта қаралып жатыр. Билікті күшпен басып алу, отанға опасыздық жасау сияқты бірнеше бап арқалаған Мәсімовтің ісі «өте құпия» тергелген және сотта да осы тәртіпте қаралуда. Назарбаев талай жыл жанымда жүрген Мәсімовтың қандай адам екенін білмедім дейді.

Жексенбі, 20 Қараша 2022, 18:03

Соңғы шығарылымдар