Алматы тұрғыны 72 жастағы қарияны өрттен құтқарды

Алматыда 30 жастағы азамат көршісін қызыл жалыннан аман алып қалу үшін көзсіз ерлікке барды. Оқиға Шұғыла тұрғын үй кешенінде болған. Қалың жұрт шырт ұйқыда жатқан кезде түтін иісін сезген Еркебұлан Жанахметов ойланбастан көмекке жүгірген. Өмірін қатерге тігіп, бірінші қабаттағы қызыл жалынға оранған пәтерден 72 жастағы қарияны далаға алып шыққан. «Көк түтінге тұншығып, құлап қалуға сәл қалдым», – дейді.

Дүйсенбі, 21 Қараша 2022, 19:49

Соңғы шығарылымдар