АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 21.11.2022

Бүгін еліміздің барлық аймағында дауыс санау аяқталды. Алдын ала шығарылған қорытынды нәтижесінде Тоқаевтың оқ бойы озып шыққаны түсінікті болды. Екінші орында кім? Сайлауда заңбұзушылықтар болды ма? Сайлауды әділ өтті деп айта аламыз ба? Жалғас Зейнолла жеткізсін.

Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтау exit poll нәтижесі жариялаған соң басталып кеткен еді. ОСК-нің алдын ала қорытындысы белгілі бола салысымен қазіргі президентке әлем басшылары телефон соғып, жеделхат жолдай бастады. Толығырақ бейнематериалда.

Үш адамның өмірін құтқарамын деп от кешіп жүріп өлім құшқан Асқар Забикулиннің денесін туған жеріне әкетті. Жансақтау бөлімінде «Айбын» орденімен марапатталған батырды әріптестері де ақтық сапарға шығарып салмақ. Марқұмның отбасына кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтып, Астанадағы бір көшеге оның есімін берілетінін айтты.

Дүйсенбі, 21 Қараша 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар