Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің денесі жер қойнына тапсырылды

Бүгін қазақ елі бейбіт күннің батыры Асқар Забикулинді ақтық сапарға шығарып салды. Жас офицермен қоштасуға туған-туыстары, достары мен әріптестері келді. Асқар дүниеге келген туған жері Біржан сал ауданына қарасты Үлгі ауылында жерленді.

Еске сала кетейік, Асқар Забикулин Астанада отқа оранған тұрғын үйден 3 адамды құтқарып қалды. Ал өзі денесінің 80 пайызын күйік шалып ауруханаға түскен еді. Ақ халаттылар қанша тырысқанымен, ажалдан арашалап қалу мүмкін болмады. Офицердің артында әйелі мен 2 баласы қалды.

Сейсенбі, 22 Қараша 2022, 20:01

Соңғы шығарылымдар