Өткен аптаның өзінде Ресей тұрғындары 4 млрд 200 млн рубльге қазақстандық валютаны сатып алған. Теңгемен есептегенде 31 млрд теңге. Бұл жаз айларындағы рекордтық көрсеткіштен үш-төрт есе көп. Сарапшылар қазақстандық валютаға қызығушылықты танытып отырған ресейлік компаниялар дейді. Ал доллар, еуро және қытай юанімен сауда-саттық өткен аптада, керісінше, 100 млрд рубльге төмендеген. Ресейлік инвесторлар рубльмен келісімшарт жасауды азайтқан.
Вторник, 22 ноября 2022, 20:02
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.