Таразда екі күннен бері колледжге «бомба қойып» жүрген кім?

Тараздағы құзырлы орган қызметкерлері екі күн бойына бомба іздеп есі шықты. Белгісіз біреу әлеуметтік желі арқылы полиция парақшасына: «политехникалық колледжде жарылғыш зат жасырылған» деп хабарлама жіберген. Тіпті бір сағат ішінде залалсыздандырып үлгермесе, колледждің күллі көкке ұшатынын ескертіпті. Бірақ құзырлылар ештеңе таппады. Бүгін де осындай хабарлама түсіп, дүйім жұрт аяғынан тік тұрды. Екі күн бойы 2 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге шығарылып, оқу орнында абыр-сабыр болды.

Сейсенбі, 22 Қараша 2022, 20:04

Соңғы шығарылымдар