Президентті ұлықтау рәсіміне әлем елдерінің басшылары шақырылған жоқ – ҚР СІМ

Украина басшысы Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Телефон арқылы сөйлесу барысында Зеленский екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдделі екенін, Қазақстанның гуманитарлық көмегі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Ал Тоқаевтың инаугурациясы алдағы сенбіде өтеді. Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың мәлімдеуінше, Президентті ұлықтау рәсіміне әлем елдерінің басшылары шақырылған жоқ.

Сәрсенбі, 23 Қараша 2022, 20:01

Соңғы шығарылымдар