АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 23.11.2022

Қарағандыда бес адамның өмірін жалмаған шахтадағы апатқа жұмыс беруші кінәлі. Қайғылы оқиға бойынша тексеріс жүргізген комиссия осындай қорытындыға келді. «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорны басшысы Биджу Наир мен Көмір департаментінің басшысы Джелсон Батистадан бастап 26 адам қауіпсіздік шараларына салғырт қараған деген күдік бар.

ҚР Сыртқы істер министрлігі ресейлік сарапшының «Украинадан кейінгі мәселе – Қазақстан» деген пікіріне жауап берді. Министрдің міндетін атқарушы Роман Василенконың сөзінше, мұндай жағдайлар екі ел арасына жік салады және Ресей билігі бұған назар аударуы керек. Еліміздегі Ресей елшісі жауап бере ме?  Депутаттар не дейді?

Еуропалық парламент Ресейді «терроризмді демеуші мемлекет» деп мойындады. Бұл оған қарсы шектеулер енгізілетінін білдіреді. Себебі Ресей күштері Украина қалаларын атқылауын тоқтатар емес. Зымырандардың бірі перзентханаға түсіп, жаңа туған нәресте шетінеп кетті.

Среда, 23 ноября 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар