АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 24.11.2022

Ресейлік журналист Соловьевтің бағдарламасы туралы сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед «айналасына уын шашады» деген пікір білдірді. Күні кеше Ресейдің мемлекеттік арнасында Дмитрий Дробницкий тікелей эфирде «Украинадан кейінгі мәселе – Қазақстан» деп мәлімдеген еді. Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, Дробницкий мен ресейлік журналист Соловьев бұрыннан зілдене сөйлеп, айналаға уын шашып жүреді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жиынында Украина мен Ресейді бейбіт келіссөз жүргізуге шақырды. Алайда екі ел арасындағы қақтығыстар тоқтайтын емес. Ресей күштері Украина қалаларын, оның ішінде ел астанасы Киевті тағы атқылады. Жансая Қапасқызы толығырақ.

Қазақстанда баспанаға сұраныс азайып жатыр. Соңғы айдың өзінде 3% кеміген. Сарапшылар мұны үй бағасының қымбаттауымен байланыстырып отыр. Нарықтағы жағдай өзгере ме? «2023-те пәтер арзандайды» деген болжам қаншалықты рас?

Бейсенбі, 24 Қараша 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар