Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді

Ертең, 26 қарашада екінші мерзімге сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтеді. Мемлекет басшысының инаугурациясы Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады. Ресми Ақорданың хабарлауынша, маңызды іс-шараны республикалық телеарналар, соның ішінде біздің «7 арна» да тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ қарашаның 28-інде Тоқаевтың ресми сапармен Ресейге, ал 29-ы мен 30-ында Францияға баратыны белгілі болды.

Жұма, 25 Қараша 2022, 19:59

Соңғы шығарылымдар