«Қазфосфат» кеншілері бас көтерді: жұмысшылар не сұрайды?

Нығматулиндерге тиесілі «Қазфосфат» кеншілері қайта көтерілді. Бұл жолы Қаратау қаласындағы «Шолақтау» кен байыту комбинатының жұмысшылары наразылыққа шықты. Олар жалақы көтеруді талап етті. Айтуларынша, 150 мың теңге айлық отбасын асырауға жетпейді. Наразы топ мардымсыз жалақыға бір жарым мың адам еңбек етіп жүргенін алға тартты. Сондықтан Қаратаудың қазынаға толы қойнауын қазғандар жағдайымызды жақсартсын деді. Сондай-ақ 60 пайыз экологиялық үстемақы қосуды және жас мамандарға баспана мәселесін реттеуді сұрап отыр.

Жұма, 25 Қараша 2022, 20:11

Соңғы шығарылымдар