АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 25.11.2022

Елімізде зорлық-зомбылық азаймай тұр. Жыл басынан бері полиция учаскелеріне 100 мыңнан астам қоңырау түскен. Алайда іс жүзіне келгенде жәбірленушілер арызын қайтарып алып, қылмысты жасыруға тырысады. Жәбірленушінің бұлай істеуіне не себеп? Ұрыс-жанжал неге көп? Толығырақ тілші материалында.

Жыныстық әлімжеттік бойынша соңғы 20 жылда 100-ге жуық дерек тіркелген. Бірақ бір де бір айыпталушы бас бостандығынан айырылмаған. Еліміздегі көрсеткіш осындай. Белсенділер харассмент деген түсінікті заңға енгізуді ұсынып отыр. Ал мамандар гендерлік теңдік арқылы да проблемамен күресуге болатынын айтады. Толығырақ Қаламқас Нысанбай айтсын.

100-ге тарта соғыс ардагері әлі баспана кезегінде тұр. Сонда шенеуніктердің майдангерлерді 100 пайыз тұрғын үймен қамтамасыз еттік дегені қайда? Ал жалғызбасты аналар «Бақытты отбасыдан» қағылдық деп министрліктің табалдырығын тоздыруда. Бүгін Сенатта осындай қордаланған басыбайлы баспана мәселесі көтерілді. Аягөз Тұрсынбай сабақтасын.

Жұма, 25 Қараша 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар