Екі тәулікке жуық уақыт жылу мен жарықсыз қалған халық қандай күйде? Тұрғындар осынша уақыт бойы жылусыз қалай отыр? Екібастұз қаласынан тікелей қосылған тілшіміз Жансұлу Жиенқұл айтып береді.
Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттарын сайлау кестесін бекітті. Кандидат ұсыну ертеңнен басталып, 14 желтоқсанға дейін жалғасады. Сонымен Жоғарғы палатаның құрамы түгелдей жаңара ма?
Қытайда коронавирус шектеулеріне қарсы шеруге шыққандарды тұтқындау жалғасып жатыр. Шанхайда қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Сенбі күні осы қалада басталған шерулер бүкіл ел аумағына тарады. Демонстранттар локдаунға қоса ел билігіне де наразылық білдіріп, Си Цзиньпиннің қызметтен кетуін талап етті.
Понедельник, 28 ноября 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.