Қазақстанда француз тілінде оқытатын мектептер ашылады

2024 жылы елімізде француз тілінде оқытатын мектептер ашылатын болды. Бұл туралы Франция Президенті Эмманюэль Макрон айтты. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде жүр. Мемлекет басшылары Елисей сарайында кездесіп, артынша кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Тараптар сауда-экономикалық байланысты нығайтатынын жеткізді. Францияның Орталық Азиямен сауда-саттығының 90% Қазақстанға тиесілі екен. Екі ел арасындағы тауар айналымы соңғы тоғыз айда 2,5 млрд долларға жеткен.

Сейсенбі, 29 Қараша 2022, 19:41

Соңғы шығарылымдар