Елімізде 150 мектепте балалар үш ауысымда оқуға мәжбүр. Ал оқушылар саны рекордтық өсіммен 3,5 млн-ға жетті. Үкімет отырысында Асхат Аймағамбетов бұл мәселені шешудің жаңа жолын ұсынды. Министр «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында келер жылға дейін заманауи талапқа сай 600 мектеп салу жоспарланғанын айтты. Бұл мақсатқа бюджеттен 2,6 трлн теңге жұмсалмақ. Сөзінше, енді бұдан былай ауыл және қала мектептері бірыңғай стандарт бойынша салынады.
Вторник, 29 ноября 2022, 19:45
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.