Қазақстанда Атом электр станциясын салатын компания анықталды

Еліміз атом электр станциясын франциялық Assystem компаниясымен бірлесіп салады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мәлімдеді. Меморандумға Тоқаевтың Парижге барған сапарында қол қойылған. АЭС салынуы мүмкін деп түрлі аймақ аталғанымен, оның нақты орны мен қуаттылығы жөнінде шешім келер жылы шығады. Франциялық компания Франциядағы және Финлядния мен Қытайдағы атом электр станцияларының құрылысына қатысқан.

Среда, 30 ноября 2022, 19:54

Соңғы шығарылымдар