Ресей газы Қазақстан арқылы тасымалдана ма? ҚР СІМ жауап берді

Қазақстан өз аумағын санкцияны айналып өтетін аймақ ретінде пайдалануға жол бермейді. Еліміздің Сыртқы істер вице-министрі «Өзбекстан-Қазақстан-Ресей» арасында үштік газ одағын құру туралы ұсынысқа қатысты осындай пікір білдірді. Роман Василенконың айтуынша, жаңа ұйым құрылған күннің өзінде Қазақстан өз ұстанымдарынан айнымайды. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ дейді.

Айта кетсек, таяуда өткен Тоқаев пен Путиннің кездесуінде Қазақстан мен Өзбекстан арқылы Ресей газын тасымалдау мәселесі қаралған болатын.

Сәрсенбі, 30 Қараша 2022, 19:56

Соңғы шығарылымдар