Министрлік Астанада Ұлықтау рәсімі күні болған митингке қатысты түсініктеме берді

26 қараша, яғни Президентті ұлықтау күні заңсыз митингке қатысқан 18 адам ұсталды. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, қолға түскендер 15 тәулікке қамалған. Алайда олардың үстінен қылмыстық іс қозғалмапты. Министрлік түнгі уақытта ұйымдастырылған заңсыз шеру тек Астана қаласында өтті дейді. Оған жалпы  есеппен 300-ге жуық адам қатысқан. Бір қызығы, Ішкі істер министрлігі олардың биліктен не талап еткенін білмейді. Белгілісі, бір топ ереуілші Ақордаға бет алған. Полиция қызметкерлері рұқсатсыз ұйымдастырылған митинг болғандықтан қатысушыларды бірден ұстап әкетуге мәжбүр болыпты.

Сәрсенбі, 30 Қараша 2022, 19:58

Соңғы шығарылымдар