Екібастұз халқын есеңгіреткен апат Жамбылда қайталануы мүмкін бе? Өйткені өңірдегі жылыту мекемелеріндегі жабдықтардың тоқсан пайызының тозығы жеткен. Энергетика министрлігінің бұл мәлімдемесін жергілікті атқарушы органдар жоққа шығармайды. Өңірде жұмыс істеп тұрған 9 жылу-электр орталығы 1600-ден астам көпқабатты үй мен 3 жарым мыңға жуық мекемені жылытады. Жылу орталықтарының салынғанына 60 жылдан асқан. Ал аймақ атқамінерлері апаттың алдын аламыз деп отыр.
Среда, 30 ноября 2022, 19:53
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.