Ақтөбедегі клубта болған атыс: министр тергеу барысы туралы мәлімдеді

Қазақстанның автокөлік иелері жол көлік ережелерін бұзғаны үшін 71 миллиард теңге берешек. Оның миллиард теңгеден астамы Ақтөбелік жүргізушілерге тиесілі. Дегенмен заң бұзғандар саны бұдан да көп. Бірақ қалада тек 60 бейнебақылау камерасы болғандықтан, ереже бұзулар тіркелмей қалады деп отыр. Бұл туралы өңірдегі кездесуде Ішкі істер министрі айтты. Аймақтың түнгі клубтарына да бейнекамералар артық етпес еді, себебі криминогендік жағдайлар азаймай отыр.

Еске салсақ, өткен айда Ақтөбеде ойын-сауық мекемесіне келген екі ер адам оққа ұшты, кейінірек олардың денелері өзен жағасынан табылды. 13 күдіктінің ішінде клуб күзетшілері бар, олар жұмысқа келісімшартсыз, лицензиясыз қабылданған.

Сәрсенбі, 30 Қараша 2022, 19:59

Соңғы шығарылымдар