АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 30.11.2022

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланғанына төртінші күн дегенде Астанадағы шенеуніктер апат орнына жетті. Қаладағы кейбір үйлерде әлі күнге не жылу, не су жоқ, сонда вице-премьер Серік Жұманғарин бастаған делегация не бітірді? Ал елордада апатқа қатысты Мәжіліс депутаттар қандай бастама көтерді? Отырысқа қатысқан әріптесім Аягөз Тұрсынбайдың материалында.

Қарағанды облысы Ақтас кентінің тұрғындары алты жылдан бері үйлерін электр жылытқышымен жылытуға мәжбүр. Себебі жекенің меншігіндегі қазандықтың қуаты әлсіз. Бірақ халық жылу үшін айына 8 мың теңгеден төлеп отыр. Мән-жайды тілшіміз Жандос Бақытұлы біліп көрді.

Украинамен соғыста мерт болған ресейлік сарбаздардың саны биыл 100 мыңға жетеді. Осылай деген Украина президенті Владимир Зеленский Ресей күштері мақсатына жете алмайтынына сенім білдірді. Ал Еуропалық комиссия басшысы болса, Ресейден соғыстағы қылмыстық әрекеттері үшін өтемақы өндіріп алуға уәде берді. Жансая Қапасқызы толығырақ.

Сәрсенбі, 30 Қараша 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар