Астанада интернет жаппай өшірілді. Бағдат Мусин себебін түсіндірді

26 қараша, яғни президентті ұлықтау күні елдегі интернеттің жаппай өшірілуіне электр жүйесінің істемей қалуы себеп. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин бүгін осылай дейді. Министр тұрғындардың сол күні ғаламторға қосыла алмауына митингтің еш қатысы жоқ деп отыр. Ал бұл заңсыз шеруге 300-ден астам адам қатысып, ереуілшілер Ақ Ордаға бет алған болатын. Ал елдегі интернеттің сапасыздығын Бағдат Мусин мобильді операторлардың жұмысынан көріп отыр. Биыл қыркүйек айына дейін 700 тексеріс жүргізіліп, оларға 180 млн теңге айыппұл салынған.

Бейсенбі, 01 Желтоқсан 2022, 20:22

Соңғы шығарылымдар