АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 01.12.2022

Екібастұздағы апаттан кейін Павлодар облысының әкімі қызметінен кетті. Бүгін тиісті жарлыққа Президенттің өзі қол қойды. Жұмыссыз қалғандары да, өзге өңірге әкім боп тағайындалғандары да бар. Өңір басшыларын тағайындау тәртібі қалай өтті? Кадрлық ауыс-түйіс  туралы әріптесіміз Айя Мүтәлі толығырақ ақпарат береді.

Жылусыз отырғанына алтыншы күн болған Екібастұзды мұз басты. Шарасыз халық балконға пеш орнатып, от жағуға көшкен. Түнде Екібастұзға барып, ескі үйлерді аралаған Үкімет басшысы Әлихан Смайылов не шешті? Президент қандай тапсырма берді?

Астанада 150-ден астам отбасы жылусыз отыр. Екі айдан бері дірдектеген жұрттың қақпаған есігі қалмапты. Елордалық тұрғындар неге жылусыз отыр? Жылы кабинеттерге жайғасқан әкімдер қашан орнынан қозғалады? Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл ашынған жұртпен тілдесіп қайтты.

Бейсенбі, 01 Желтоқсан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар