Әкімдердің ауыс-түйісі жалғасып жатыр. Президент сайлауынан кейінгі кадрлық өзгерістер жайында әріптесім Айя Мүтәлі айтып беруге дайын тұр.
Екібастұздың жылусыз отырғанына тура бір апта болды. Жылу орталығының қожайыны, олигарх Александр Клебанов енді ғана видеоүндеу жолдады. Ал шарасыз жұрт көшенің қақ ортасында от жағып, сол жерге қала билігін шақырған. Премьер-Министрдің орынбасары Скляр апатқа жұмысшы кінәлі дейді. Ал бірінен кейін бірі Екібастұзға барып жатқан шенеуніктер не шешті? Александр Клебанов не деп ақталды?
Қақаған аязда Ақтөбеде мыңнан астам адам да тоңып отыр. Олардың бәрі – саяжай тұрғындары. Бұқара газ қысымының төмендеп кеткеніне шағымданды. Суық үйде қабат-қабат киіммен ұйықтауға мәжбүр. Мәселені жергілікті әкімдік те, газ қызметі де шеше алмаймыз депті.
Пятница, 02 декабря 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.