Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75 пайызға дейін тағы көтерді. Бұл – биылдыққа осымен бесінші рет жасалып жатқан шара. Яғни кредиттің пайызы тағы өсіп, бүкіл салада қымбатшылық болады деген сөз. Ұлттық банк геосаяси ахуалдың тұрақсыздығынан оның әлем экономикасына тигізген залалы мен азық-түліктің қымбаттауынан осындай шешім қабылдауға тура келді деп отыр. «Енді базалық мөлшерлемені көтермейміз, бұл шегі» деп те ақталып жатыр. Айтуларынша, бұл инфляцияны жоспарлы дәлізге қайтармаса да, ауыздықтауға мүмкіндік береді.
Понедельник, 05 декабря 2022, 19:56
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.