«Отырар сазы» оркестріне 40 домбыра сыйға тартылды

Алматыда көне дәстүрді қайта жаңғыртуға бағытталған «Шертпе күй» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Фестиваль аясында 45 күйші өз өнерін ортаға салды. Үздік домбырашыға бір миллион теңге сыйлық тарту етілді. Ұлттық мәдениетті асқақтатуға Freedom Holding Corp компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов та атсалысты.  

Құрманғазы атындағы «Отырар сазы» оркестріне Канадада өсетін емен және қайың ағаштарынан жасалған 40 домбыраны сыйға тартты. Аспаптар танымал шебер Жолаушы Тұрдығұловтың қолынан шыққан. Тимур Тұрлов өз сөзінде бұл қазақ музыканттарын қолдаудың бастамасы ары қарай да жалғаса беретіндігін жеткізді.

Понедельник, 05 декабря 2022, 20:02

Соңғы шығарылымдар