Моңғолияда жаппай наразылық: халық Үкімет үйіне басып кірді

Моңғолияда халық наразылыққа шықты. Ұлан-Батырда көшеге шығып, көтерілген жұртшылық Үкімет үйіне басып кірді. Алдын ала болжам мен ақпарат көздерінің дерегінше, халықтың наразылығына елдегі қымбатшылық себеп болған. Елде азық-түлікпен бірге көмір бағасы да шарықтаған. Халық бағаның қымбаттауына әкеп тіреген байлардың атын атауды талап етуде. Желідегі бейнежазбаларда орталық алаңда жүздеген адамның жүргені анық байқалады. Ал көрші елдің ресми билігі Ұлан-Батырдағы жағдайға қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Дүйсенбі, 05 Желтоқсан 2022, 19:59

Соңғы шығарылымдар