АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 05.12.2022

Екібастұзда апат болғанына 10 күн өтсе де, халық әлі дірдектеп отыр. Пәтерлерге мардымды жылу жетпеген, үй терезелері мен батареялар мұз болып қатып, жаппай жарылып жатыр. Ал әкімдік «барлық тұрғын үйлер жылуға қосылды» деп есеп берген. Өткен аптада өңірге барған Роман Скляр Екібастұзда не істеп жүр? Қиналған халықтың мәселесі нақты қашан шешіледі? Толығырақ әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай сабақтасын.

Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлерде күн суытқалы пана болмай тұр. 200-ден аса отбасы «пәтеріміз азынап кетті» деп шу шығарды. Бұқара күн суыған сайын жылу, керісінше, әлсірей беретінін түсіне алар емес. Сөздеріне сенсек, мәселе жылда қайталанып келеді. Бірақ шешетін шенді болмай тұр.   

Қарағандыда пойыздар уақытынан кешігуді әдетке айналдырған. Бұл жолаушылардың әбден титығына тиді. Олар вокзалда сағаттап күтуге мәжбүр. Бұған не себеп? Жағдай қашан реттеледі? Өңірдегі тілшіміз Жандос Бақытұлы анықтап көрді.

Дүйсенбі, 05 Желтоқсан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар