АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 06.12.2022

Үкіметтегілер Екібастұздағы апатты тарифтің арзандығымен байланыстырып отыр. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин халықтың жылусыз қалуының басты себебін атады. Ал мұзға айналған қаладан түнде тағы бір адамның мәйіті көлігінде табылды. Екібастұздағы жағдай жөнінде Жансұлу Жиенқұлдың материалында.

Моңғолия астанасын 3 күн бойы дүрліктірген шерулер бүгін бақылауға алынған. Бірақ халықтың мәселесі мен шерулерге түрткі болған көмір дауы әзірге шешілмеді. Билік не дейді? Наразылықтар жалғаса ма? Жансая Қапасқызының материалында.

«Жалақымыз көтерілмесе, жұмысқа шықпаймыз». Жамбылдық дәрігерлер талаптарын ашық айтып, бас дәрігердің кабинетіне баса-көктеп кірді. Талас аудандық орталық ауруханасындағы ақ халаттылардың айтуынша, айлықтары 3 айдан бері себепсіз қысқарып, қосымша сыйақыдан да қағылған. Тілшіміз Данияр Әлімқұл тарқатады.

Сейсенбі, 06 Желтоқсан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар