Ақтөбе облысында газ жарылып, қария мен аяғы ауыр келіншек зардап шекті

Ақтөбе облысының Шұбаршы ауылындағы жер үйде газ жылыту қазандығы жарылып, екі адам зардап шекті. Оқыс жағдай түн ортасында болған. Бұл кезде үй ішінде бес адам ұйықтап жатқан. Жарылыс салдарынан үйдің қабырғасы құлап, шатыры опырылып түскен. Абырой болғанда жарылыс өртке ұласпаған. Апаттан  62 жастағы қайын атасы мен 27 жастағы аяғы ауыр келіні зардап шекті. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдай мамандары қазандықта ақау болғанын анықтаған.

Сәрсенбі, 07 Желтоқсан 2022, 20:00

Соңғы шығарылымдар