АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 07.12.2022

Бүгін Тоқаев Екібастұздағы жағдай туралы Премьер-Министрден есеп алып, тапсырмалар берді. Президент жылыту маусымына дайындық кезінде жіберілген қателерден сабақ алу керектігін жүктеді. Ал Смайылов дірдектеген жұртқа жылу берілді дегенімен, қаладағы жағдай әлі де қиын. Екі аптаға жуық жылусыз отырған Екібастұздағы соңғы ақпараттыТілшіміз Жансұлу Жиенқұл айтсын.

Екібастұздағы апаттан кейін Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жұмысынан кеткен еді. Артынша аймақ басшысының міндетін уақытша атқаруға Олег Крук кіріскен. Бүгін Президент жарлығымен Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Асайын Байханов бүкіл облысты басқаратын болды.

Республика деңгейіндегі петицияға кемі 50 мың адам қол қою керек. Әйтпесе көтерген мәселеңіз билікке жетпейді. Сондай-ақ алдағы уақытта ереуіл өткізу тәртібі де өзгеруі мүмкін. Бүгін тиісті заң жобалары Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды. Аягөз Тұрсынбай толықтырады.

Сәрсенбі, 07 Желтоқсан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар